Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ-де асырап алушы ата-аналар мектебі жұмысының жүзеге асуы
Біздің мектебіміз Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ базасында жүргізіледі. Курс онлайн режимінде оқытылады. Біздің қазір жұмыс істеп жатқан ең маңызды мақсатымыз – бұл балалар үйіндегі әрбір бала үшін отбасын табу болып табылады.
Бала қабылдайтын ата-аналар мектебі не үшін қажет? Адам түрлі себептерге байланысты бала асырап алуды ойлаған кезде оның бойында үмітпен қатар алаңдаушылық пен қорқыныш та болары анық. «Мүмкін бе? Қолымнан келеді ме? Бұл қалай болады екен? Бұл әрекетіме өкінбеймін бе?» - деген секілді өзіне көптеген сұрақтар қояды.
Осыдан басқада көптеген сұрақтардың жауабын әркез таба алмайды. Тіпті кейде адам күмәнданбай, өзіне сенімді болғанның өзінде де, ол қиыншылықтардан қашып құтыла алмайды, өйткені балалар үйінің баласы - ерекше бала. Ол бала сіздің отбасыңызға сіңісіп кетуі үшін, ең алдымен жақсы дайындық қажет.
Біздің мектепте атқарылатын жұмыстың мақсаты да осы - ата-аналарды балалар үйіндегі баланы қабылдауға дайындау, барлық қажетті ақпаратты беру, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап таба білуге көмектесу, өзінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, бала қабылдаушы ата-ана болуға дайын екендігін сезіну.
Дайындық бағдарламасының мақсаты: баланы қабылдайтын ата-ана ретінде өз мүмкіндіктеріңізді сезіну, қалыптастыру және өз-өзіңізді бағалау.
Дайындық нәтижесінде ата-аналар:
•асырап алған баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін түсінеді;
•асырап алған баланың тәрбиешісі ретінде өз қабілеті мен мүмкіндіктерін түсінеді.
•қандай баланы қабылдап, тәрбиелей алатынын, өзіне және балаға отбасыға орналастырудың қандай формасы қолайлы екендігін түсіне алады;
•баланы отбасыңызға қабылдағаннан кейін бізбен қалай жұмыс істеуге болатынын түсінеді.
Дайындық бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрады:
•Психолог, тренермен алғашқы сұхбат; Психодиагностика кезеңі.
•Тренинг 14 сабақтан тұрады, әр сабақтың ұзақтығы 3 сағат, оның ішінде: психологиялық-педагогикалық бөлім - 12 сабақ, құқықтық сауаттылық бойынша - 1 сабақ, шолу жасау, танысу сипатында - 1 сабақ; Сабақ аптасына 1 рет жүргізіледі; Курс тыңдаушыларына ватсап желісінде ортақ чат құрылады. Сабақ ZOOM платформасы арқылы әр сенбіде сағат 09.00.-12.00.-ге дейін жүргізіледі. 14 сабақ 3-ай көлемінде жүреді. Курсты толық аяқтаған бала асырап алуға үміткер ата-аналарға Сертификат беріледі. Сертификат мерзімінде шектеу жоқ. Әрбір сабақтан кейін асырап алуға үміткер ата-аналардан курсты меңгеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмасы мен кері байланыс алынады.
"Бала асырап алушы ата-аналар мектебі" курсына жазылу үшін және қосымша ақпарат алу үшін төмендегі нөмерге хабарласа аласыз: социальный педагог, педагог-психолог- қабылдау бөлімі: (7222)360180; приемная - 8(7222)338092, вахта - 8(7222) 33-96-51
Дүйсенбі -Жұма күндері сағат 10.00-17.00.-ге дейін.