Негізгі бөлім
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қымбатты достар!

Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары,  өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.

Балалар үйлері мен интернат арасында «Үміт Кубогы» атты Қазақстан Республикасы Баскетбол чемпионаты өтті.

 

           Акмола облысы Щучинск қаласында 17.05.2016ж.-25.05.2016ж аралығында кезекті балалар үйлері  мен интернат арасында «Үміт Кубогы»  атты Қазақстан Республикасы Баскетбол чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа  ар аймақтан балалар үйлерінен, интернаттардан 16 команда қатысты,сонын ішінде біздін балалар үйінің кұрамасыда бар.

Біздің баскетбол командасында 1999-2000жылғы туылған тәрбиеленушілер саны-9 бала қатысты. «А» тобында ойынап біздің құрама ІІ-жүлделі орынға ие болды. Жалпы барлық командалық ойындарда біздің кұрама  16 команда арасында  4 орынға табан тіреді.

Неше жыл тәрбиеленушілерді жаттықтырып жүрген команда тренері- Федосеев Сергей Юрьевич.Семей қаласындағы демеушілерімізге   ҚР Халық банкі  филиалына мыңда бір-алғысымызді білдіреміз!

 

Біздің  балалар мен олардың жаттықтушыларын  үлкен  жеңістерімен құттықтаймыз!!!