Қымбатты достар!
Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.
26-27 қарашада 2016жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметтіне арналған «Тәуелсіздік – тірегім, теберегім!» атты оқушылар мен жасөспірімдер арасында фестивалі өтті.
Ұйымдастырушылар- «Бейбітшілік Әлемі», Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі, Халықаралық Ұстаздар Одағы, Халықаралық Көркем Өнерпаздар Одағы.
Осы жоғарыда аталған фестиваліне біздің балалар үйінен Кружальский Виктор «Компьютерлік графика» номинациясына қатысып қанжығасына І орын байлады. Виктордың жетекшісі- Нургазина Жазира Сериккановна.
Ұстазы мен шәкіртіне биік тұғырлардан көріне берулеріне тілектіспіз!!!