Қымбатты достар!
Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.
4-5 ақпан 2017 жылы аралығында Шымкент қаласында Халықаралық балалардың және жасөспірімдердің шығармашылық «Қысқы әуен» жарысы өтті Жарыстың ұйымдастырушылары - Халықаралық шығармашылық «Таланты Казахстана»жобасының жетекшілері; Ресей федерациясының «Страна детства» шығармашылық орталығы; «Балаларға арналған музыкалық журналы» Москва қаласы; «Школа музыки» мамандырылған музыка мектебі - Астана қаласы.
Бұл жарысқа Қазақстанның түпкір- түпкірінен талантты балалар өнер көрсетті. Шығармашылық жарыс әр түрлі номинациялар бойынша өткізілді.Біздің балалар үйіде көштен қалмай осы жарысқа қатысты. Атап айтсақ: Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша- Редозубова Полина ;
Графика номинациясы бойынша- Мухаметзянов Тимур өнер көрсетті.
Әр номинацияда дарынды және талантты балалар көп болды. Сайыс қызықты және тартымды болды. Балалардың өнерлері бір-бірінен асып жатты.
Біздің балаларда топты жарып жүлделі орындарға ие болды. Мухаметзянов Тимур-1 орын,жетекшісі- Нургазина Ж.С. Редозубова Полина- 2 орын, жетекшісі-Попова Л.А.
Балаларымызға және олардың жетекшілеріне шығармашылық табыс тілейміз!