Қымбатты достар!
Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.
4.03.2022 ж. “Адалдық деген не? ” тақырыбында балаларға “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру және өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу және балаларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар берілді.