Қымбатты достар!
Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.
5.04.2020 ж. Балалар үйінің кітапханашысы Габдуллина Г.Б. балаларға "Шалқан" ертегісіне сахналық қойылым көрсеттң. . Ертегіні сахналау арқылы балалардың ой - қиялын дамытты және балалар өз рөлдерін орындауда белсенділік көрсетті.
"Шалқан" ертегісін көрсете отырып, кітапханашы балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсете білді.