Негізгі бөлім
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қымбатты достар!

Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары,  өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.

Балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бейне көрністер топтамасы

20.11.2020 ж.       Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұсынған балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бейне көрністер топтамасы көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүргізген Нургалиева Рымхан Асановна – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары