Негізгі бөлім
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қымбатты достар!

Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары,  өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.

"Менің Қазақстаным-менің мақтанышым!"

5.12.2020 ж. 

4 -5 сынып. Интеллектуалды ойын.

Балалар II топқа бөлініп, интелектуалды ойында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, Қазақстан туралы білсем деген құлшыныстарын, қызығушылықтарын көрсетіп, ойынға бар ынтасымен беріліп, шеберліктерін шыңдады. Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге керектігін түсінді.