Негізгі бөлім
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қымбатты достар!

Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары,  өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.

Жарайсың, Александра!

2019 жыл. Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы С.Филимоновтың жүлдесіне арналған республикалық жарыс. Аталған жарыста зілтемір көтеруден балалар үйінің тәрбиеленушісі Ананьева Александравна II орын алды.