Қымбатты достар!
Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары, өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.
Астана қаласында өткен Тарих толқынында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ХІ Ұлттық Дельфин ойындарына балалар үйінің 2 тәрбиеленушісі Стрельников Максим мен Суворова Анна қатысты.
Біздің балалар шығармашылығын лайықты түрде көрсетті.Қазылар алқасы олардың шеберлігін айта отырып, олардың жетекшілері – Нургазина Жазира Серикхановнаға және Айгожина Гульмира – Мухамет – Кызыровнаға алғыстарын білдірді.
Стрельников Максим - Астана қаласында өткен Тарих толқынында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ХІ Ұлттық Дельфин ойындарына қатысып, «Фотосурет» номинациясы бойынша ІІ орын алды.
Суворова Анна - Астана қаласында өткен Тарих толқынында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ХІ Ұлттық Дельфин ойындарына қатысып, «Көркем сәндік - қолданбалы өнер» номинациясы бойынша ІІІ орын алды. 