Негізгі бөлім
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қымбатты достар!

Сіздер Абай облысы ББ «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілері мен қызметкерлер ұжымының сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі жайлы білгісі келген адамдарға арналған. Сіздер тиісті бөлімдерден балалар үйінің жоспары,  өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, патронат, қамқорлық және асырап алу жөніндегі ақпарат пен фотосуреттер туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыздар.

«Атадан мұра -2015» шығармашылық байқауы

Хореографиялық студия ұжымы  18.12.2015 жыл мен 19.12.2015 жыл уақыт аралығында оқушылар арасында Алматы қаласында өткен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық шығармашылық байқауында  балалар үйінің хореограф жетекшісі «Хореография» номинациясын алды. Қыздарымыз лайықты түрде өнер көрсетіп «Гран-При» жеңіп алды.