19.09.2022 ж.
Абай облысы ББ "№8 балалар үйі" КММ.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және "Балалар жылына" орай балалар үйінің тәрбиеленушілерінің туған өлкесінің тарихын білуге деген құштарлық сезімін ояту мақсатында Абайдың Жидебайдағы мұражай - үйіне саяхаттап қайтты.
Тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін дамытуда және мәдени құндылықтарға назар аудар мақсатында жасалған саяхатта дана да дара Абай ақынның Жидебайдағы мұражай – үйінің келбетімен танысты. Танымдық іс-сапар Абай мен Шәкәрім жатқан қасиетті өлке Жидебайдан бастау алып, "Абай -Шәкәрім " мемориалдық кешеніме аяқталды..
Ақынның кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақта болып, домбыра тәріздес жасалған аумақта ақ мәрмәр тасқа жазылған ақынның 45 қара сөзін көрді. Тәрбиеленушілер саяхаттан өздеріне керекті танымдық ақпараттармен танысты және бұл саяхаттан Абайдың ой – тұжырымдары балаларға рухани азық бола алатындығын түсіндік..