Шаралар
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қазақстан – туған жерім, туған елім!»

19.10.2022 ж. Абай облысы. "№8 балалар үйі "КММ.

«Қазақстан – туған жерім, туған елім!» атты тәрбиелік іс шара 7 – 10 сынып тәрбиеленушілеріне өткізілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізілгенін, осы заңға сәйкес 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітілгенін, бұл - тарихи және өте маңызды шешім болғанын, яғни 25 қазан – еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталағанын, сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылатындығын, Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы екендігі туралы тәрбиеленушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.