Шаралар
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аяз атаға арман тілектерін айтып хат жазған.

31.12.2022 ж. Жаңа жыл қарсаңында балалар Аяз атаға арман тілектерін айтып хат жазған. Аяз атаға жазған балалардың тілегін Астана қаласындағы "Руки матери " қоғамдық қорының директоры Перфильев Максим Геннадьевич орындап, жаңа жыл қарсаңында балалардың Аяз атаға жазған хаттарындағы сыйлықтарды тарту етті. Бұл сыйлықтар балаларды шат – шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлісіп, армандарына қанат бітірді.

Балалар үйіне жаңа жылда сыйлықтар табыс еткендер: Семей аймақтық “Халық Банкі“ АҚ филиалы директоры Қыстаубаев Болат Айбатолаевич бастаған ұжым, Жеке кәсіпкер Панюков Е.В. "Банк Центр Кредит" қызметкерлері Нариманова Д.Н, Жумадилова Г. "Отбасы орталығы" қоғамдық қорынан Л.М. Асташкина, жаңа жылдық дастарханның тәттілеріне Жеке кәсіпкерлер Бочкорев Н.Г, Садуова Ж және ЖШС "Белый Мишка", ЖШС "Мереке" директоры Турлыбеков А.Я. "Наурыз" базары, "ТехМаркет" магазиннің ұжымы, "№ 31 767" әскери бөлімі және "Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымы директоры Жакаева Г.С – спорттық жабдықтар тарту етті. Жаңа жылдық сыйлықты өз қолдарына алған балалардың жүздерінен қуаныштың лебі есті.