Абай облысы ББ "№8 балалар үйі" КММ.
17.01.2023 ж. Тәрбиеші Байрова А.Н "Патриотизм – ұлттың сәні ме, әлде халықтың санасын ояту ма? " тақырыбындағы тәрбиелік шарада патриотизмнің мағынасын түсіндіре отырып,бүгінгі күннің патриоты, Семей қаласының тұрғыны "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының үшінші кезеңінде жеңімпазын Ержан Амархановты шақырды. Ержан Амарханов кездесу барысында қазіргі кезде өз Отанын шынайы ниетімен қадірлеп, оның қуанышына сүйініп, кемшілігіне күйінетін болса бұл да патриоттық сезім екендігін айта отырып, өзінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Балалар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, керекті ақпараттарды алды.