28.02.2023 ж. Абай облысы білім басқармасының "Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы" КММ –де "Алғысым шексіз... " атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Семей қаласындағы Достық үйі орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестігінің мүшелері келді.
Қазақстан халқы Ассамбллеясының мүшесі, "Қазақ тілі" халықаралық қоғам филиалының
вице – президенті, қоғамдық медиатор Шарипбаев Орал Токтарович, "Буюк келажак" Семейдегі өзбек әлеуметтік – мәдени орталық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Какимова Роза Михайловна,
"Вайнах" шешен – ингушының мәдени мәдениеттік орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Картоев Султан Умарович, "Казачий стан" казак мәдени орталығының жетекшісі Губанов Александр Геннадьевич, "Айша Бибі" қалалық қазақ мәдени орталығы бірлестігінің орынбасары Атамбаев Манап Токтарович, және Қалалық Достық үйінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес Райымбеков тәрбиеленушілермен алғыс айту туралы ойларын бөлісіп, адамдар бір - біріне мейірбандық танытса бұл бір – біріне жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі екендігін және таңымыз уайымсыз атқан үшін алғыс айтуымыз керек деп қортындылады.