Шаралар
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«KitapTime-2023» екінші республикалық кітап фестивалі

2023 жыл.15 қыркүйекте Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында кітаптың мәртебесі мен оқырман белсенділігін арттыру, қала тұрғындарын кітапханаға тарту мақсатында «KitapTime-2023» екінші республикалық кітап фестивалі өтті.
Аталмыш кітап фестивалі аясында өнер сүйер қауымға Невзоровтар отбасылық өнер мұражайындағы көркемсурет студиясының балалары салған сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Ертегілер мен қазақ халқының салт-дәстүрінен көріністер бейнеленген суреттерге тәрбиеленушілер ерекше қызығушылық танытты.

Көрмеге Полина Пигореваның «Аққу-ханшайым», Ұлданай Төкенованың «Сиқырлы домбыра», Сабина Бейсембинаның «Алтын әтеш», Валентина Шипилованың «Көктем мерекесі», Аружан Әнуарбекованың «Қысқы ертегі» және тағы басқа суреттер қойылды.
Шараға қатысқан Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы мен Sapsan зияткерлікті дамыту мектебінің оқушылары