Мельников Петр
Абай облысы ББ "Семей қаласындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы "КММ . Өзін – өзін басқару ұйымының президентті. Қаладағы № 35 мектептің 10 қазақ сыныбында оқиды. Семейдегі “Gold King” спорт кешенінде жаттығады.
Пауэрлифтинг – күш сынға түсетін спорт түрімен айналысады. Аталған спорт түрінен білекті, мықты спортшыны анықтау мақсатында республикалық,облыстық, қалалық ашық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды.
2023 жылы 3 – 9 шілде аралығында Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен өткен ҚР –нің чемпионатына қатысып, 5 орынға ие болды.