Фестивальдің мақсаты: Еліміздің бейбіт аспаны, Тәуелсіздігі аясында тарихи мерейтойларға арналған байқаулар, кездесулер арқылы балалар мен жасөспірімдердің тарихи танымының, рухани байлығының мол болуына, жан-жақты өнерлі, білімді, заманауи білікті азамат болып қалыптасуына үлес қосу. Ұстаздар мен шәкірттерінің мерейінің биік болуына және Отанымыздың басқа өңірлерінен жаңа достар табуына, тәжірибе алмасуына ықпал ету.
Осы фестивальге біздің Семей қаласындағы «№8 отбасы үлгісіндегі балалар уйіндегі» тәрбиеленушілерде мына жанрлар бойынша өз өнерлерін паш етті: «би», «Көркем сөз», « Музыкалық ұлттық аспаптарда ойнау», « Көрме- қолөнер бұйымдары , көркем сурет» , «Ғылыми жоба» . Әр көрсетілген өнерге әділ- қазылар бағаларын беріп отырды.
Қатысқан 14 тәрбиеленушілерімізде I-II орын иегері дипломымен , жетекшілер алғыс хатпен марапатталды.
Жанр « Музыкалық ұлттық аспаптарда ойнау»: Сайбель Кристина, Роженцева Виктория, Мұратханова Бақтиза, Сухарев Кирилл, Жетекшісі: Ниазбекова А.Е
Жанр « Би»: Качало Роман, Костыркин Никита, Экштейн Мария, Татабыева Анжела, Власова Кристина, Жетекшісі: Зиядина Д. Ж.
Жанр «Көрме - Қолөнер»: Кружальская Любовь, Жетекшісі: Сапакбаева К.Б
«Көркемсурет»: Мухаметзянов Тимур, Сухаверхов Николай, Жетекшісі: Нургазина Ж.С
Жанр «Көркем сөз» Викторкина Алена, Жетекшісі: Попова Л.А
Жанр «Ғылыми жоба» Сайбель Кристина, Жетекшісі: Теребаева А.А
«Ғылыми жоба» Мұратханова Бақтиза, Жетекшісі: Бейсембаева К.Ш
Дәл осындай фестиваль арқылы тәрбиеленушілеріміз рухани байлықтарын молайтып, шығармашылық қабіліттерін, білімдерін кеңейтіп, жан-жақты өнерлерін көрсете алады.
Біздің тәрбиеленушілерімізге шығармашылық қабіліттерімен биік шыңдардан көрініп, мақсаттарына жетулеріне тілектеспін!