Жаңалықтар
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Халықаралық балалардың және жасөспірімдердің шығармашылық «Қысқы әуен» жарысы

4-5 ақпан 2017 жылы  аралығында Шымкент қаласында Халықаралық балалардың және жасөспірімдердің шығармашылық «Қысқы  әуен» жарысы өтті Жарыстың ұйымдастырушылары - Халықаралық шығармашылық  «Таланты Казахстана»жобасының жетекшілері; Ресей федерациясының «Страна детства» шығармашылық орталығы; «Балаларға арналған музыкалық журналы» Москва қаласы; «Школа музыки» мамандырылған музыка мектебі - Астана қаласы.

 

Бұл жарысқа  Қазақстанның түпкір- түпкірінен талантты балалар өнер көрсетті. Шығармашылық жарыс әр түрлі номинациялар бойынша өткізілді.Біздің балалар үйіде көштен қалмай осы жарысқа қатысты. Атап айтсақ: Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша- Редозубова Полина ;

Графика номинациясы бойынша- Мухаметзянов Тимур өнер көрсетті.

       Әр номинацияда дарынды және талантты балалар көп болды. Сайыс қызықты және тартымды болды. Балалардың өнерлері бір-бірінен асып жатты.

Біздің балаларда топты жарып жүлделі орындарға ие болды. Мухаметзянов Тимур-1 орын,жетекшісі- Нургазина Ж.С. Редозубова Полина- 2 орын, жетекшісі-Попова Л.А.

        Балаларымызға және олардың жетекшілеріне шығармашылық табыс тілейміз!