Жаңалықтар
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Авторлық материалдар негізінде педагогтардың тәжірибесін тарату» тақырыбындағы республикалық вебинарға қатысты

 

2026 жылы 10 сәуір күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдракова Алмагуль Касеновна «Авторлық материалдар негізінде педагогтардың тәжірибесін тарату» тақырыбындағы республикалық вебинарға қатысты. Вебинар онлайн форматта ZOOM платформасында өтті.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастырды.
Вебинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби өзара әрекеттесуіне жағдай жасау, озық педагогикалық тәжірибемен алмасу және авторлық материалдар негізінде әзірленген тиімді білім беру тәжірибелерін тарату.
Вебинар барысында Алмагуль Касеновна өзінің педагогикалық тәжірибесін ұсынып, білім алушылардың саналы кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға бағытталған «Менің кәсіби таңдауым» атты авторлық бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелерін көрсетті. Баяндамада әдістемелік тәсілдер, практикалық құралдар және бағдарламаны білім беру үдерісіне енгізу нәтижелері жан-жақты ашып көрсетілді.
Ұсынылған тәжірибе вебинар қатысушыларының кәсіби қызығушылығын тудырып, педагогикалық қауымдастық тарапынан өзекті әрі практикалық маңызы жоғары жұмыс ретінде оң бағаланды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінен шамамен 70 педагог қатысты: Астана қаласы, Абай облысы, Батыс Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл өткізілген іс-шараның ауқымы мен маңыздылығын көрсетеді.

 

                    

Attachments:
FileDescriptionFile sizeCreatedLast modified
Download this file (10.04.2026 на выступление Абдракова А.К. тема Практичекий результат использования   программы Мой профессиональный выбор г.pdf)Файл 803 kB2026-04-18 12:532026-04-18 12:53