Жаңалықтар
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өркендерін өссе берсін!

Астанада  20-24 қазан 2015 жылы  аралығында  «Тарих толқынында»атты қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  ХІ Ұлттық Дельфий ойындары өтті. Бұл жарысқа 16 облыстың шығармашыл, талантты балалары қатысты.
Биыл өнер додасы фортепиано, скрипка, ұлттық аспаптар: домбыра, қыл-қобыз, прима-қобыз, халық биі, заманауи би, эстрадалық ән салу, академиялық ән салу, дәстүрлі ән салу, қысқаметражды фильм және бейнеролик, фотосурет, бейнелеу өнері, театр  номинация бойынша өтті.   Осы жоғарыда аталған Дельфий ойындарына Семей қаласынан «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ- нің тәрбиеленушілеріде Шығыс Қазақстан Облысының командалық құрамына кіріп қана қоймай, қанжығыларына 1 күміс және 1 қола медальдерін байлап келді. Атап айтсақ, «Фотосурет» номинациясы бойынша І топ тәрбиеленушісі Стрельников Максим, 2 орын, күміс жүлдегері,жетекшісі Нургазина Жазира Сериккановна болса, «Қолөнер» номинациясы бойынша ІІ топ тәрбиеленушісі Суворова Анна,  3 орын, қола жүлдегері, жетекшісі Айгожина Гульмира Мухамет-Кызыровна.

Бұл ойындар идеясы еліміздің мәдени мұрасын көбейтіп, сақтай отырып, жастарды толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу болып табылады.