25.09.2023 жыл.Мусина Л.М "Құқықтық марафон" атты тәрбиеленушілер арасында бекет бойынша іскерлік ойын ойнатты. Тәрбиеленушілер құқықтық білімін тексере отырып, білімдерін тереідетуге ір бекетте түрлі сұрақтар қойылды. Тәрбиеленушілер заң алдындағы жауапкершілігі, адамгерлік құқықтық сауаттықтарын арттыруда скерлік ойынға белсенді қатысты
8.09.2023 жыл. Ермухамбетова А.С,"Менің – отбасым, менің – байлығым!" конкурстық – ойын бағдарламасы. Шараға әр топтың тәрбиешілерімен бірге тәрбиеленушілер қатысып, отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түснікпен отбасындағы сыйластық, адамгершілік, татулық пен ұйымшылдықты көрсетті.
6.09.2023 ж.Алгалиева А.С "Тіл – достықтың алтын көпірі" өзге ұлт өкілдері арасында байқау өткізді. Байқауда қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілік сондай – ақ тәрбиеленушілер тіл туралы керекті ақпараттарды алып, білім қоржынын кеңейтті.
31.08.2023 ж. ҚР Әділет министрлігі Абай облысының әділет департаментінің қызметкері Самарханова А.Ғ, Жабаева А.Р, Кажыкенов Д.С т.б келіп құқықтық сауаттылық, балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек т.б тақырып ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
4.09.2023 ж. Қурманбекова Н.А. Тіл мерекесі қарсаңында ."Туған тілім – тірлігімнің айғағы" атты әдеби кеш өтті . Мекемеде тәрбиеленіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізілген әдеби кеште тіл туралы өз ойларын жеткізе білді.