Шаралар
Абай облысы ББ
«Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шаралар

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл – әрбір азаматтың міндеті"

6.03.2023 жыл. Абай облысының білім басқармасының "Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл – әрбір азаматтың міндеті"атты тақырыпта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Абай облысы бойынша Департаментінен Толеубеков Нуржан келіп, педагогтар мен қызметкерлерге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізді.

 

Толығырақ...

"Нашақорлық"

Абай облысы   ББ "№8 балалар үйі" КММ.

17.01.2023 ж. Абай облысы Семей қаласындағы әлеуметтік серіктестік бағытында жұмыс істейтін денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының наркологиялық диспансері» КММ дәрігер - нарколог Дауытбеков А.Б. тәрбиеленушілерге "Нашақорлық және одан қорғану" тақырыбында тәрбиеленушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақыл – кеңестерін айтып, көрсетілген бейнекөрініске талдау жасап, тәрбиеленушілер өз ойларымен бөлісті.

Толығырақ...

"Отбасылық мереке"

"Отбасылық мереке"

Толығырақ...

"Алғысым шексіз... " атты дөңгелек үстел

28.02.2023 ж. Абай облысы білім басқармасының "Семей қаласының   қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы" КММ –де "Алғысым шексіз... " атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Семей қаласындағы   Достық үйі орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының   этномәдени бірлестігінің мүшелері келді.

Қазақстан халқы Ассамбллеясының мүшесі, "Қазақ тілі" халықаралық қоғам филиалының

вице – президенті, қоғамдық медиатор Шарипбаев Орал Токтарович, "Буюк келажак" Семейдегі өзбек әлеуметтік – мәдени орталық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Какимова Роза Михайловна,

"Вайнах" шешен – ингушының мәдени мәдениеттік орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Картоев Султан Умарович, "Казачий стан" казак мәдени орталығының жетекшісі Губанов Александр Геннадьевич, "Айша Бибі" қалалық қазақ мәдени орталығы бірлестігінің орынбасары Атамбаев Манап Токтарович, және Қалалық Достық үйінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес Райымбеков тәрбиеленушілермен   алғыс айту туралы ойларын бөлісіп, адамдар бір - біріне мейірбандық танытса бұл бір – біріне жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі екендігін және таңымыз уайымсыз атқан үшін алғыс айтуымыз керек деп қортындылады.

 

 

Толығырақ...