Абай облысы. "№8 балалар үйі "КММ.
26.11.2022 ж. Тәрбиеленушілердің рухани – адамгершілік танымын кеңету мақсаты Ризашылық мейірімділік бұлағы атты тәрбиелік шара. "Сыйластық", "Алғыс","Ризашылық" туралы ойларын ортаға салып, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту және алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар екендігін, сол арқылы бір - біріне ризашылықтарын көрсетіп, көңілдерерін білдіріп, бір – біріне жақсы эмоциялар сыйлады. Рухани – адамгершілік - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы екендігін және адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді, ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс екендігін "Қайырымдылық бағы" сахналық қойлым арқылы көрсетті.
26.09.2022 ж. Абай облысы. "№8 балалар үйі "КММ.
"Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы" РММ азаматтық қорғаныс қызметкерлері ТЖБ инженерлері аға лейтенанттары Ганиятоллаев Мақсат Серікұлы мен Саматаев Абдысаман Талғатұлы балаларға өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
24.11.2022 ж. Абай облысы. "№8 балалар үйі "КММ.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Самашев Ж.Қ, бөлім басшысы Қайратов М.К. адвокаттар Ахатаев А.Т, Каленова Р.К балаларға өз құқықтарын қалай қорғау керектігін, әрбір баланың ҚР тұрғын үй заңдарын, мемлекеттік көмекке құқығы, ұсталған кездегі кәмелетке томағандардың құқығы туралы т.б. ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ой бөлісті.
Абай облысы. "№8 балалар үйі" КММ.
24.10.2022 жыл. Республика күніне орай балалар үйінеде "Қазақстан - мақтанышым" атты салтанатты жиын болды. Тәрбиеленушілер Қазақстан туралы көркем сөз оқып, өз ойларын жеткізе білді. Қазақстан республикасының жеткен жетістіктері туралы ән – шарулар шашты.
Абай облысы ББ "№8 балалар үйі" КММ.
22.12.2022 жыл.
Облыс әкімі Нұрлан Телманұлы Ұранхаев жаңа жыл қарсаңында балалар үйіне келіп, тұрмыс тіршілігімен танысып, тәрбиеленушілерге жаңа жылдық сыйлығын табыстады. Балалар үйіндегі "Өзін – өзі басқару " ұйымының мүшелері Сайбель Вадим,Мельников Петр және Говрилова Карина Нұрлан Телманұлы Ұранхаевты балалар үйімен таныстырып, балалардың жетістіктері туралы айтып, өз ойларымен бөлісті.