Астана қаласында өткен Тарих толқынында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ХІ Ұлттық Дельфин ойындарына балалар үйінің 2 тәрбиеленушісі Стрельников Максим мен Суворова Анна қатысты.
Астанада 20-24 қазан 2015 жылы аралығында «Тарих толқынында»атты қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ХІ Ұлттық Дельфий ойындары өтті. Бұл жарысқа 16 облыстың шығармашыл, талантты балалары қатысты.
Биыл өнер додасы фортепиано, скрипка, ұлттық аспаптар: домбыра, қыл-қобыз, прима-қобыз, халық биі, заманауи би, эстрадалық ән салу, академиялық ән салу, дәстүрлі ән салу, қысқаметражды фильм және бейнеролик, фотосурет, бейнелеу өнері, театр номинация бойынша өтті. Осы жоғарыда аталған Дельфий ойындарына Семей қаласынан «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ- нің тәрбиеленушілеріде Шығыс Қазақстан Облысының командалық құрамына кіріп қана қоймай, қанжығыларына 1 күміс және 1 қола медальдерін байлап келді. Атап айтсақ, «Фотосурет» номинациясы бойынша І топ тәрбиеленушісі Стрельников Максим, 2 орын, күміс жүлдегері,жетекшісі Нургазина Жазира Сериккановна болса, «Қолөнер» номинациясы бойынша ІІ топ тәрбиеленушісі Суворова Анна, 3 орын, қола жүлдегері, жетекшісі Айгожина Гульмира Мухамет-Кызыровна.
Хореографиялық студия ұжымы 18.12.2015 жыл мен 19.12.2015 жыл уақыт аралығында оқушылар арасында Алматы қаласында өткен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық шығармашылық байқауында балалар үйінің хореограф жетекшісі «Хореография» номинациясын алды. Қыздарымыз лайықты түрде өнер көрсетіп «Гран-При» жеңіп алды.