14.10.2022 ж. Абай облысы "№8 балалар үйі" КММ
Абай обылысы төтенше жағдай департаментінің және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Кузембаев Б, №5 қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенант Мештаев С, аға өрт сөндіруші -құтқарушысы азаматтық қорғау сержантты Салимбаев С және төтенше жағдайлар басқармасының инженерлері, азаматтық қорғау лейтенанттары Саматов А.Т, Қасенов Е.Ы т.б балалар үйінде өртке қарсы алдын – алу шараларын жүргізіп, ғимараттағы автоматты өрт дабылы арқылы жаттығулар жүргізді, өрт -тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі және өрт сөндіру техникасымен, құрал –жабдықтармен таныстырып, балалардың және қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға көмектесті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құтқару құралдарын көрсетіп, балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы айтып берді.
12.10.2022 жыл. Энергетикалық сусындар-өмір тонуста ма немесе ағзаға зиян ба?
8 -10 сынып. "№2 емхана "Жас Асыл " жастар денсаулық сақтау орталығының маманы
Брик Лаула Маратовна және психолог Балгазинова А. энергетикалық сусындардың ағзаға тигізетін зияны туралы айтып, бейнеролик көрсетті.
Абай облысы «№ 8 балалар үйі» КММ
12.10. 2022 ж. Қазан айында "Отбасы орталығы " қоғамдық қорының психологі Лылык Н балалар үйіндегі жоғарғы сынып балаларының арасында "Қорқыту / кибербуллинг / - бұл балалар ойыны емес" тақырыбында кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін екендігін,ә р түрлі тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алатындығын,. өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайтынын біледі , интернет желісі, жалған аккауант арқылы танысып, олардың сеніміне кіретінін, одан кейін қорқыту, боспалау, оғаш қылық жасауға итермелеу сынды заң бұзушылыққа баратындығы туралы айтып, тәрбиеленушілерге егерде осындай жағдайлар болса психолог немесе өздерінің тәрбиешілеріне ашық айтып, ақыл кеңес алулары туралы айтты. Тәрбиеленушілер өздеріне керекті мағлұматтарды алды, психолог Лылых Н. өткізген кибербуллинг туралы тақырыпқа қызығушылық танытып, ынта – жігерлерімен тыңдап, өз ойларымен бөлісті.
Абай облысы. "№8 балалар үйі "КММ.
11.11.2022 ж. Абай облысы Семей қаласындағы "№ 2 кәмелеттік жасқа толмағандардардың істері жөніндегі мамандандырылған сот" судья Самаева Т.А. балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік "Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері және балалардың тәрбие колониясы","Зорлық – зомбылық және заң" тақырыбында тәрбиеленушілерге кәмелетке толмаған тұлғалардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі,қауіпсіздік және балалар, жәбір көрсе көмек сұрауға қайда бару керектігін, балалар құқықтарын қорғайтын заңдар туралы ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізді, тәрбиеленушілер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын бөлісті.
Абай облысы ББ "№8 балалар үйі" КММ.
8.10.2022 ж. Бөрілідегі Мұхтар Әуезов мұражайы.
Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай балалар Бөрілідегі М.О.Әезовтің мұражай – үйіне барып, мұражайға бұрылар тұсқа бала Мұхтардың кітап оқып отырған ескерткішін тамашалап, бұдан бөлек мұражай меңгерушісі Исабаев Ш.Б балаларды Мұхтар ұстаған жәдігерлермен таныстырды. Тәрбиеленушілер М.Әуезовтің шығармашылығы, өскен ортасы, өмір сүрген заманы,өмірінен сыр шертетін өзі қолданған, сол замандағы заттарды көріп ерекше әсер алды.