22. 02.2022 жыл. " Қыздар тек өз арамызда ғана" тақырыбында қыз балалардың репродуктивті денсаулығы туралы "№2 емхана "Жас Асыл " жастар денсаулық сақтау орталығының маманы Брик Л.М және психолог Балгазинова А. кеңестер беріп, психологиялық ойын жаттығуларын жүргізді.
19.10.2022 ж. Абай облысы. "№8 балалар үйі "КММ.
«Қазақстан – туған жерім, туған елім!» атты тәрбиелік іс шара 7 – 10 сынып тәрбиеленушілеріне өткізілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізілгенін, осы заңға сәйкес 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітілгенін, бұл - тарихи және өте маңызды шешім болғанын, яғни 25 қазан – еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталағанын, сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылатындығын, Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы екендігі туралы тәрбиеленушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
19.09.2022 ж.
Абай облысы ББ "№8 балалар үйі" КММ.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және "Балалар жылына" орай балалар үйінің тәрбиеленушілерінің туған өлкесінің тарихын білуге деген құштарлық сезімін ояту мақсатында Абайдың Жидебайдағы мұражай - үйіне саяхаттап қайтты.
Тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін дамытуда және мәдени құндылықтарға назар аудар мақсатында жасалған саяхатта дана да дара Абай ақынның Жидебайдағы мұражай – үйінің келбетімен танысты. Танымдық іс-сапар Абай мен Шәкәрім жатқан қасиетті өлке Жидебайдан бастау алып, "Абай -Шәкәрім " мемориалдық кешеніме аяқталды..
Ақынның кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақта болып, домбыра тәріздес жасалған аумақта ақ мәрмәр тасқа жазылған ақынның 45 қара сөзін көрді. Тәрбиеленушілер саяхаттан өздеріне керекті танымдық ақпараттармен танысты және бұл саяхаттан Абайдың ой – тұжырымдары балаларға рухани азық бола алатындығын түсіндік..
19.09.2022 ж. – 25.09.2022 ж. "Тіл –достықтың кепілі " атты патриоттық апталық
Тәрбиеленушіер ана тілінде жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, оны қолдау аясын кеңейту мақсатында, басқа ұлт өкілдерінің арасында ана тілін насихаттау, қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін оятып, қазақша сөйлеуге ниеттенгендерді қолдап, білім көкжиегін кеңейту.